Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын
10 Қараша 2020 «Нұрқазған» кенішінің басшысымен сұхбаттасу

Еңбек қорғауға және өндірістік қауіпсіздікке арналған Қазақмыстың «Қауіпсіздік сағаты» іс-шарасын өткізудің алдында біз «Нұрқазған» кенішінің басшысы Мұкан Жалғасұлы Ұңғытбаевпен осы саладағы жұмыс нәтижелері туралы әңгімелестік. 

 

 

 

Мұқан Жалғасұлы, үстіміздегі жылы кеніште қол жеткізілген өндірістік қауіпсіздіктің ең маңызды нәтижелері туралы айтып берсеңіз?

– Соңғы уақытта біз еңбекті қорғау саласында жаңа жұмыс дағдыларын меңгердік және біздің кәсіпорындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті жоғары деңгейге көтердік. Егер егжей-тегжейіне келсек, мыналарды бөліп көрсетуге болады: тәуекелдерді басқару және ӨҚжәнеЕҰБЖ саласында жаңа білім алу; тәуекелдерді басқару бойынша әдістемелерді қолдану; инженерлік-техникалық құрамның көшбасшылық қасиеттерін көрсету; ИТЖ арасында салауатты бәсекелестік құру; мақсаттарға қол жеткізу жолдарын дұрыс жоспарлау; форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде стандартты емес шешімдер қабылдай білу; ресурстарды ұтымды пайдалана білу және өз әлеуетін тиімді пайдалана білу.   

 

Жыл басында кеніштің алдында қауіпсіздік саласында қандай міндеттер қойылды және олардың қайсысына қол жеткізілді?

– Жыл басында біздің алдымызда жалпы 35 басты кеніштік тәуекелдерді төмендету міндеті тұрды. Сонымен қатар, учаскелер бойынша тәуекелдерді азайту қаншалықты мүмкін екенін айқындау және бағалау арқылы тізілімін жүргізу қажет болды. Сонымен қатар біз жаңа жоғары тәуекелдердің туындауын анықтадық және оларды төмендету бойынша жедел шаралар қабылдадық. Оған қоса кен өндіру кезінде ауысым сайын желдету, жарықтандыру, жұмыс орындарында коммуникация жүргізу сияқты жоғары технологиялық тәуекелдерді басқару бойынша жұмыстар жүргіздік. Нәтижесінде негізгі мақсаттарға қол жеткіздік. Біз 400-ден астам іс-шара әзірледік, 8 техникалық кеңес өткіздік, мәселелерді шешу бойынша командалық сессияларды тұрақты түрде өткізуді тәжірибеге енгіздік. Ал қазір ӨҚжәнеЕҰБЖ жоспарын іске асыру бойынша бірқатар іс-шаралар әзірлеу бойынша міндеттер қоя отырып, осы жұмысты жүйелі деңгейде жүргізуді жоспарлап отырмыз.

 

Сіз өндірістегі тәуекелдер деңгейін төмендетуге жағдай тудыратын көптеген іс-шараларды атап өттіңіз. Олардың ішіндегі негізгілеріне тоқтап өтсеңіз жақсы болар еді.

– Ең алдымен, барлық стандартты және стандартты емес операциялардың тәуекелдерін дұрыс бағалау, оларды саралау маңызды болды. Әрі қарай, біз нақты іс-шараларды әзірлеу арқылы мәселелерін шешу бойынша сессиялар өткіздік, жауапты адамдарды тағайындап, нақты орындау мерзімдерін анықтадық. Бұл ретте, нақты міндеттерді орындаушылардың тәжірибесі мен біліміне ерекше назар аударылды. Одан кейін кеніш тарапынан тапсырмалар бойынша бақылау жүргізіліп, уақытылы әдістемелік көмек көрсетілді, сондай-ақ қажетті құралдармен – әрбір учаскеде көрнекі басқару тақталарымен, ұйымдастыру техникасымен, атқарылған жұмыс туралы кеңестер мен есептерді өткізу үшін үй-жайлармен қамтамасыз ету жүргізілді.      Жақында ғана кеніштің бас инженері қызметін атқарған Ильсур Нигматзановтың еңбегін атап өтпеуге болмайды. Оның жұмысының арқасында учаскелердің бастапқы позициясы анықталды және барлық іс-шаралар жүзеге асырылды. Оның сауатты көзқарасы, тәжірибесі және команданы басқара білуі өз нәтижесін берді, ал мен өзімнің көпжылдық тәжірибеме сүйене отырып, бастаған істі әр қарай жалғастырдым.

 

Кәсіпорын еңбек қорғау және қауіпсіздігі саласындағы мәселелерді шешуде қандай қиындықтарға тап болды және оларды қалай шешті?

– Қиындықтар қыс мезгілінде – желтоқсаннан ақпанға дейін, қозғалыс жолы толығымен жабылған кезде және адамдарды жұмысқа жеткізу кезінде туындады. Жаңа қауіп-қатерлерге, шахтада жабдықтың бос тұруына, тоқтап қалуына немесе кәсіпорынның жалпы тоқтауына әкеп соқтыруы мүмкін күрделі шешімдер де қабылдауға тура келді. Сондай-ақ, пандемияның салдарынан біз бұған дейін ешқашан болмаған жағдайларға тап болдық. Тоқтап қалмай, кәсіпорын үшін табысты және ұжымның денсаулығы үшін барынша аз тәуекелмен жұмыс істеуді жалғастыру үшін стандартты емес шешімдер қабылдауға тура келді.

 

Кәсіпорында іске асырылған және енді басқа алаңдарда қолдануға болатын қауіпсіздік жөніндегі тиімді шешімдер туралы айтып берсеңіз?

–  Кеніш алғашқылардың бірі болып №7 үңгілеу учаскесінде бесік-себетті әзірлеу арқылы «Адамның биіктіктен құлауы» бастамасын енгізді. Инновация аз шығынды және тиімді болды. Қазір оны компанияның барлық үңгілеу учаскелері сәтті қолданады. Сонымен қатар, қауіптілігі жоғары жерлерде көше айналарын орнату арқылы кен массасын тасымалдау кезінде кен қазбаларының түйісуі мен еңістеріндегі қауіптерді азайтуға болады. Геологиялық барлау бұрғылау қондырғысына шассиді жинау және монтаждау кезінде бас механик бөлімі үлкен жұмыс атқарды, осылайша тиеу, жіберу және жұмыс орнына орнату кезінде бұрғылау қондырғысының жұмыскерлерге құлауы бойынша көптеген тәуекелдер төмендетілді. Сондай-ақ, №6 жол учаскесінің ұсатушылары үшін де тәуекел төмендеді. Түпкі себебін талдап, жұмыскердің өзінің СМД-186 ұсатқыш қондырғысының алаңында болуына жол бермей, біз ұсатқыштың жұтқыншағының үстіне тор орнатып, жұтқыншақтың өзін тау жынысы фракциясының астына дәлдеп келтіріп, жұмыс аймағын қоршадық. «Көтерме лифті» учаскесінде жұмыс орындары қайта бағаланды және оларды қауіпсіз жағдайға келтіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Персонал одан әрі жұмыстарды орындау үшін қажетті оқытудан өтті. өзін көрсете білген және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосқан жұмыскерлер үшін осы жылы біз өндірістік жарақаттануды азайту бойынша конкурс ұйымдастырдық. Жақын арада қорытындысын шығарамыз.  

 

Кеніш Топ кәсіпорындары арасында тәуекелдерді басқару сапасы бойынша ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендердің бірі болып отыр, бірақ қаңтар айында ол айтарлықтай төмен деңгейде болды. Осы кезеңде тәуекелдерді басқару жүйесінде не өзгергенін айтып берсеңіз?

– Қазір ӨҚжәнеЕҚ бас маманы қызметін атқаратын Гүлшат Естаеваның күш-жігерін атап өтпеуге болмайды. Гүлшат бүкіл команданы жарақаттануды төмендету бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесіне үйретті және осы жұмысты сүйемелдеді, команда көшбасшыларының жоғары әлеуетін анықтады. Кеніштің әдіскерлері Гүлмира Қуанышбекова мен Нұргүл Махановаға тәуекелдерді басқару жүйесінің сапалы жұмысы бойынша алдымен көп жұмыс істеуге тура келді. Түрлі бағыттар бойынша жұмыс істеген тәжірибелі қызметкерлер де өз үлестерін қосты. Сондай-ақ, командалық рух, міндеттерді қоя білу және қысқа мерзімде инновациялық шешімдерді табу қабілеті де өз септігін тигізді. Ал менің тарапымнан бақылау жасап отырдым және қажетті ресурстармен қамтамасыз ету бойынша шешімдерді жедел қабылдап, ұсыныстар жасап, ал кейде әдістемелік көмек те көрсетіп тұрдым.

 

Келесі жылы Сіздің кәсіпорын үшін қауіпсіздік саласында қандай жұмыстар басымды болады?

– Бірінші кезекте – ағымдағы шараларды жүйелі негізде қолдау. 2021 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштерді орындау барысында әзірленген шараларды орындау бойынша рөлдер мен орындауға жауапты тұлғаларды нақтылау арқылы жүргізілетін жұмыстарды тиісті деңгейге қою қажет. Сонымен қатар техникалық және технологиялық операцияларды орындау кезінде бұрғылаушыларды, жарушыларды, үңгілеушілерді оқыта отырып, ауысым басшыларының, шеберлерінің құзыреттілік деңгейлерін арттыру жоспарда бар. Яғни, стандартты және стандартты емес операцияларды дұрыс орындамаған кезде іске асырылған тәуекелдердің салдарын жұмыскерлерге мысалдармен түсіндіру қажет. Қазір біз уақтылы қызмет көрсетуді бақылау, қосалқы бөлшектерді ауыстыру және т.с.с. батыс елдерінің үлгісі бойынша ұжымдық қорғаныс құралдарын ұтымды пайдалануды да ойластырып отырмыз.

Dupont Sustainable Solutions («Қазақмыс» Тобының өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі халықаралық серіктесі) жобаларының директоры Дмитрий Кондрашин атап өткендей, кәсіпорын тәуекелдерді басқару жүйесінің сапасы саласында оң динамиканы шын мәнінде  көрсетуде. Сонымен қатар, жұмыскерлердің жұмысқа тартылу деңгейі де артты. Бүгінгі күні Топ кәсіпорындары үшін негізгі міндет – еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді тәртіпті орындауды қамтамасыз ету. Тек жергілікті жерлерде енгізілген стандарттарды қатаң сақтау және қауіпсіздікті басқару бойынша жұмысты жауапты орындау осы міндеттерді шешуге көмектеседі.  

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.