Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын
19 Қазан 2020 "Қазақмыс" өз қызметкерлеріне тағы да қолдау көрсетті

 

Осы жылдың 01 қазанында өткен еңбек ұжымдарының жұмыс жиналысының қорытындысы бойынша Covid-19 пандемиясы жағдайында әлеуметтік және моральдық қолдау корсету мақсатында Қазақмыс Тобы өзінің барлық қызметкерлеріне 100 мың теңгеден бір жолғы төлемді қайта беру туралы шешім қабылдады.

Біржолғы төлем бүгінде келісімшарт бойынша еңбекақы төленетін қызметкерлерді қоспағанда, барлық санаттағы қызметкерлерге берілді. Алғашқы төлем ағымдағы жылдың 22 шілдесінде берілген болатын.

 

Осы шешіммен компания Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы үндеуін қолдайды.

 

Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің алдын алу және оған қарсы тұру мақсатында компания өндірістік алаңдарда мамандандырылған жабдықпен, дезинфекциялау және жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз ету түрінде қорғау шараларының кешенін іске асырады. Иммундау бағдарламасына сәйкес қыркүйек-қазан айларында компанияның қаражаты есебінен "Қазақмыс"компаниясының 15000 қызметкері тұмауға қарсы егілді.

 

Сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында және Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалаларында медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында компания қаражатына медициналық мекемелер үшін медициналық жабдықтар сатып алынды, стационарларды материалдық-техникалық жарақтандыруға және медициналық қызметкерлерді оқытуға қаражат бөлінді, сондай-ақ халықты вакцинациялау үшін емханаларға тұмауға қарсы вакциналардың 30000 дозасы сатып алынды және берілді. Аталған өңірлерге жоғары білікті медицина қызметкерлерін тарту үшін медицина қызметкерлері үшін 52 пәтер сатып алу туралы шешім қабылданды.

 

Айдың басында жергілікті атқарушы органдар ұсынған тізімдерге сәйкес Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалалары халқының әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарына, сондай-ақ компания зейнеткерлерінің аз қамтылған санаттарына және "Қазақмыс"кәсіпорындарының жұмыс істемейтін еңбек мүгедектеріне 30000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

 

Жалпы, осы уақытқа дейін компания өз қызметкерлерін, жұмыс істейтін қалалардың, Денсаулық сақтау мекемелерінің тұрғындарын қолдау және COVID-19-ға қарсы күреске шамамен 17 млрд теңге инвестициялады.

 

Қазақмыс " компаниялар тобы баршаңызға денсаулық пен амандық тілейді!

 

#Kazakhmys4life
#Kazakhmysbirgemyz

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.