Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын
12 Қазан 2020 Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалық етуімен Қарағанды облысының минералды-шикізат базасын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.

 

 

2020 жылғы 09 қазанда Қарағанды қаласында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалық етуімен Қарағанды облысының минералды-шикізат базасын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңеске ҚР Экология, геология және табиғат ресурстары министрі Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғат ресурстары вице-министрі Серікқали Брекешев, «Kazakhmys Barlau» ЖШС бас директоры Ғалым Нұржанов, «Rio Tinto» ЖШС жер қойнауын пайдалану бөлімінің басшысы Ольга Петрова, «Жәйрем КБК» АҚ Басқармасының төрағасы Сергей Бартош және басқалар қатысты.

«Kazakhmys Barlau» ЖШС бас директоры Ғалым Нұржанов геологиялық барлау жобаларын іске асыру және олардың келешегі туралы баяндамамен сөз сөйледі.

 

 

 

 

Бүгінгі күнде «Kazakhmys Barlau» ЖШС Қарағанды және Қостанай облыстарында 14 геологиялық барлау жобаларын іске асыруда.

Аталған жобаларды іске асыру сәтінен бастап 2020 жылғы 6,5 млрд.теңге мөлшеріндегі инвестицияларды қоса алғанда, геологиялық барлауға барлығы шамамен 9,5 млрд. теңге инвестиция салынды.

Жыл сайын компания жаңа жобаларды іске асыру жолымен өзінің өндірістік көлемдерін арттырып отыр. Сонымен, бұрғылау көлемі 2020 жылы өткен кезеңмен салыстырғанда 20%-ға артық болды.

«Kazakhmys Barlau» ЖШС бас директоры Ғалым Нұржановтың айтуынша, елімізде төтенше жағдай енгізу және пандемия кезеңі кәсіпорынның жұмысына әсер етпеді, жұмыстар штаттық режимде орындалды.

Бүгінгі таңда компания өзінің жұмысында геологиялық барлау саласындағы жаңа жабдықтар мен технологияларды қолданады. Атап айтқанда, жерүсті электр барлау зерттеулерін орындау кезінде алдыңғы қатардағы технологиялар қолданылады. Қазақстанда алғаш рет Қарағанды облысындағы Озерное және Дүйсембай кен орындары сияқты компанияның жобаларында канадалық технологиялар бойынша жерүсті геофизика әдісі (OreVision IP, InfiniTEM) қолданылды, бұл қолданып жүрген геофизикалық жұмыстардың дәстүрлі әдістемелерімен салыстырғанда зерттеулер тереңдігін 2 есе арттыруға мүмкіндік берді.

«Kazakhmys Barlau» ЖШС жүргізіліп жатқан жұмыстар учаскелерінде цифрлық басқаруды іске қосқан Қазақстандағы алғашқы геологиялық барлау компаниясы болып табылады. Бұл дегеніміз аймағы байланыс операторларынан тыс орналасқан жекелеген учаскелерді интернетпен және ұялы байланыспен қамтамасыз ету.

Бұл шара, бірінші кезекте, өндірістік процестің қауіпсіздігіне, сондай-ақ геологиялық ақпаратты жедел түрде онлайн-тәртібінде алуға бағытталған. 

Геологтарға олардың орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік беретін GPS навигаторлары да көмектеседі және маршруттарда төтенше жағдай туындаған кезде олар шұғыл хабарлама жіберу мүмкіндігін береді.

Жезқазған өңірінің минералдық-шикізат базасының перспективасын дамыту мақсатында компания ғылыми-зерттеу қызметі шеңберінде Жезқазған кен орнында және Жезқазған кен алаңында болжамды-тексеру жұмыстары бойынша жобаны іске асыруда.

Бұл Жыланды алаңында 3D сейсмикалық барлау жұмыстарын орындау және қазылған жер асты кеңістігін модельдеу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен тау-кен қазбаларын 3D сканерлеу болып табылады.

Бұл технологиялар Жезқазған өңірінде алғаш рет қолданылып жатыр және өзінің геологиялық құрылысы жағынан күрделі кен объектілерінің құрылымын 1 км дейінгі тереңдікке зерделеуге бағытталған. Бұдан бұрын Жезқазған үлгісіндегі кен орындарында осыған ұқсас жұмыстар жүргізілмеген.

 

 

 

 

Ғалым Нұржановтың айтуынша, «бастапқы кезеңде Жезқазған кен алаңының Жыланды алаңында 700 мың тонна мысқа дейін өсім болжанады.» 

Ағымдағы жылы компания Жезқазған және Қарағанды қалаларында жаңа жынысөзек қоймаларының құрылысын іске асыруды бастады.

Жезқазған қаласындағы жынысөзек қоймасының көлемі 1400 ш.м. ауданымен 200 000 қ. м. жынысөзекті құрайды, Қарағанды қаласында - 1200 ш. м.ауданымен 150 000 қ. м. жынысөзекті құрайды. Жаңа жынысөзек қоймаларын салу үшін компания осындай жобаларды іске асыруда айтарлықтай тәжірибесі бар халықаралық ұйымдарды тартады.

Бұдан басқа, компания Балқаш қаласында швейцариялық SGS компаниясымен бірлесіп халықаралық аккредитациясы бар талдау зертханасын құру бойынша жаңа жобаны іске қосты.

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.