Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын
28 Тамыз 2020 БРИГАДИР БОЛДЫ

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС тау-кен байыту кешенінің «Нұрқазған» жер асты кенішінде кенді тұрақты өндіруді қамтамасыз ететін бөлімшелерден басқа, кәсіпорын құрамында конвейерлер мен ұсатқыштардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, яғни шахтер еңбегінің жемісін тауға жеткізуге шақырылғандар да жұмыс істейді.

 

 

Жабдықты жөндеу учаскесінде қырық жеті Слесарь-жөндеуші және дәнекерлеуші жұмыс істейді. Ұжымда көбінесе жас мамандар жұмыс атқарады, жұмыс тәжірибелері мол, бұл дегеніңіз яғни шахтаның жөндеушілерге қарайтын конвейер бөлігінің жабдықтары сенімді қолда екенін білдіреді.

Ұзындығы жүздеген метр болатын магистральдық және учаскелік конвейерлерден басқа, жөндеушілердің жұмыстары көп, жөндеушілер жерасты ұнтақтау кешенін жоспарлы-алдын-алу және күрделі жөндеу жұмыстарына жауап береді.

 

 

Ұжым бригадаларға бөлінген, олардың бірін Аманғазы Әлімжанов басқарады. Бригадирлікте ол он жылдан астам уақыт болды, бірақ ол бір кездері тау-кен жұмысы туралы тіпті ойламаған. Аманғазының жеке фирмада да жұмыс істеген кезі болды, ал "Нұрқазған" кенішіне ол тұрақты және жақсы ақы төленетін жұмыс деп келді.

2008 жылы Нұрқазған әлі ашық түрдегі кеніш болған кезде Аманғазы конвейерші болып жұмысқа орналасып, жаңа мамандықты нөлден бастап игере бастады, ал бір жылдан кейін кеніш кен орнын жер асты өңдеу нұсқасына көшкен кезде – жөндеу учаскесінің құрамына Әлімжанов та ауысты. Мұнда ол тағы да жаңа ілім алуға тура келді, оған жөндеу учаскесінде жұмыс істейтін ең тәжірибелі жұмысшылардың бірі Дулат Қаскен көмектесті.

 

 

Әрине, алған ілімдерінің болашақта пайдасы тиді, өйткені бір жылдан кейін біздің кейіпкеріміз мықты бригадирлердің бірі болды.

Оның жанында қазір шәкірттері жұмыс істейді: дәнекерлеуші Абылай Жаналиев пен слесарь Жайнар Елмұратов.

 

 

Алайда, басшылық Аманғазы Әлімжановтың еңбегін бағалап,  биыл   кәсіби мереке қарсаңында ол әрбір шахтер үшін қымбат марапат – III дәрежелі "Кенші даңқы" төсбелгісіне ұсынылды.

 

Владимир Одинцов

Қарағанды

Сурет автордікі

 

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.