Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын
28 Шілде 2020 ӨЛІМГЕ ЖӘНЕ АУЫР ТӘУЕКЕЛДЕРГЕ -"ЖОЛ ЖОҚ"

Осы ұранмен "қауіпсіздік сағаты" жиналысы  өткізіліп, онда "Қазақмыс"Тобындағы кәсіпорындардағы жарақаттану деңгейін төмендету бағдарламасы бойынша жұмыс нәтижелері шығарылды. Карантин жағдайында кеңес бейне байланыс арқылы өтті – оған әр түрлі бөлімшелердің өкілдері жұмыс орындарынан  кетпей-ақ қатысты.

 

 

Кеңеске "Қазақмыс Холдингі" ЖШС ЕҚжәнеӨҚ жөніндегі комитетінің төрағасы Максим Комель қатысты. Ол 2018-20 жылдар кезеңінің қорытындысы бойынша өлімге әкелетін жарақаттың  –  36% - ға, ал жалпы жарақат 20% - ға азаюына қол жеткізілгенін айтты . Сонымен қатар, ол бүгінгі күндегі басты жетістіктер туралы да айтып өтті – негізгі қауіптерді анықтау және қауіпті еңбек жағдайларын азайту бойынша іс-шаралар   жүргізілді, қызметкерлер жарақаттардың алдын алу және қауіпсіздік туралы білімдерін  арттыру жөніндегі жұмыстарға тартылды, сондай-ақ өндірістік персоналды қолдау үшін ЕҚжәнеӨҚ қызметінің құзыреттілігі артты. Осылайша, жарақаттанудың нөлдік деңгейіне, еңбекті қорғауды басқару жүйесін автоматтандыру және цифрландыру бағытындағы жұмыс сапасын жақсартуды, сондай-ақ  қызметкерлердің білім жетілдіру үшін алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану жалғастырады.

 

 

Өз кезегінде, еңбекті қорғау және қауіпсіздік Департаментінің директоры Дархан Жангиров соңғы екі жылда "Қазақмыс" тобы бойынша 61 мыңнан астам қауіп анықталғанын айтты. Бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға 1,2 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды.

 

Сондай-ақ, кеңес аясында Жыланды.к, Жезқазған байыту фабрикасының, Балқаш және Жезқазған мыс балқыту зауыттарының басшылары тәуекелдерді басқару жүйесінің үздік тәжірибелері туралы баяндама жасады.

 

 

Ал жұмыс қорытындысын шығарғаннан кейін, тау-кен байыту кешені мен "Қазақмыс Смэлтинг"ЖШС бөлімшелерінде тәуекелдерді басқару жүйесін дамытуға үлкен үлес қосқан үздік қызметкерлер марапатталды.

 

Компанияның он бес қызметкері лайықты марапатқа ие болды:

- "Жыланды" кенішінің директоры Нұрболат Байсадықов,

- шахта өткізу тресінің механикалық цехының бригадирі Қайрат Сәкенов,

- "Батыс" кенішінің №67 шахтасының №10 учаскесінің кен шебері Дінмұхамбет Оразбеков,

- "Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)" ЖШС ЕҚжәнеӨҚ басқармасының жетекші маманы Темірлан Керымбеков,

- "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС ЕҚжәнеҚ департаменті құзырет орталығының бастығы Нұрлан Шәкіров,

- Жезқазған байыту фабрикасының бас инженері Алмаз Мырзабеков,

- шахта проходкалау тресінің №6 ТКЖ учаскесінің бастығы Темірлан Талыпов,

- Нұрқазған байыту фабрикасының ұнтақтау кешенінің жабдықтарын жөндеу шебері Аслан Ермағанбетов,

- Қарағайлы байыту фабрикасының бас маманы Маржан Аманбаева,

- "Шатыркөл" кенішінің жетекші инженері Дмитрий Панков,

- шахта проходкалау трестінің БЖЖ бойынша жетекші инженері Нұрлан Әбдікәрімов,

- "Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)" ЖШС Жезқазған мыс қорыту зауытының директоры Ербол Адреисов,

- "Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)" ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытының бас инженері Бексұлтан Қасымбеков,

- "Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)" ЖШС құзырет орталығының 1-санатты инженері Бауыржан Жанабаев

- "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС ЕҚжәнеҚ департаменті құзыреттілік орталығының бас маманы Дәулет Бекетаев.

 

 

"Қауіпсіздік Сағаты" іс – шарасын қорытындылай келе, Максим Юрьевич Комель "Қазақмыс" Тобы компанияларының қызметкерлері еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау саласындағы кез-келген оң тәжірбиені көтермелейтінін білуі және түсінуі керек, ал мұндай тәжірбие қызметкерлерді осы саладағы жетістіктер туралы хабардар ету болып табылады.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қауіпсіздік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұйымдастырудың үлгісі болып табылатын қызметкерлерді марапаттау компанияның дәстүріне берік кіретінін атап өтті.

 

Владимир ОДИНЦОВ,

Қарағанды.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.