Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын
12 Мамыр 2020 Қауіпсіздік мәдениеті - өндірістік жарақаттануды төмендету кілті.

Жыл сайын, 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі. Бұл "Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)"ЖШС-нің барлық еңбек ұжымы үшін ерекше маңызы бар мереке.

Еңбекті қорғау күнін өткізу – бұл жалпы өндірістік алаңда қауіпсіз жағдайларды және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша алдын алу жұмыстарына бағытталған Смэлтингтің құрылымдық бөлімшелерінде еңбекті қорғауды басқару жүйесінің элементтерінің бірі. Бұл күн жас және тәжірибелі мамандардың еңбекті қорғау саласындағы шығармашылық, спорттық және кәсіби дағдылары мен әлеуетін іске асыруға ықпал етеді.

 

 

2020 жылдың сәуір айында Смэлтингте "балалар көзімен қауіпсіздік", "үздік жұмыс орны", "еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша үздік стенд" және "ЕҚжәнеӨҚ-ті жетілдіру бойынша үздік ұсыныс"тақырыптары бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша конкурстар өтті.

Өткізілген іс-шараның нәтижелері бойынша 236 жүлделі орын анықталды. Оның ішінде 164 жүлдені жұмысшылар иеленсе, 72 жүлделі орынды инженерлік-техникалық қызметкерлер жеңіп алды. Сондай-ақ, "өндірісте жарақат алу деңгейін қысқарту"бағдарламасына белсенді қатысқан сарапшылар мен жаттықтырушы-әдіскерлер тәжірибелеріне сыйақы берілді.

 

 

 

Әділқазылардың шешімі бойынша "Балалар көзімен қауіпсіздік" байқауында Мирас Асқаровтың (11 жас), Айсұлтан Мейрамбектің (6 жас), Жігер Қанат (8 жас), Іңкәр Тұрлыбекованың(6 жас), Алина Хамидуллина (12 жас) және Ізбасар Тілеудің (12 жас) жұмыстары ерекше аталып өтті. Осы жас дарындардың ата-аналары "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС-ның Балқаш және Жезқазған өнеркәсіптік алаңдарының әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінде еңбек етеді.

 

 

 

Ұйымдастырушылар "ЕҚжәнеӨҚ-ті жетілдіру бойынша үздік ұсыныс" байқауына ерекше назар аударды. Жезқазған мыс балқыту зауытының жетекші инженері Мадияр Бимендинов жеңімпаз атанды. Ол қауіпсіздіктің мінез - құлық аудиті бойынша ТОП-100 тәртіп бұзушыларының бағдарлама модулінде "хаттамалық шешімдердің орындалуын бақылау" бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірледі.

Сондай-ақ ЖМЗ жылу энергиясымен жабдықтау цехы бастығының орынбасары Бейбіт Сақтағанов, мыс және эмальданған сым өндірісі цехының инженер-электроншысы Андрей Гур және оттегіні өндіру жөніндегі кәсіпорынның ауа бөлу аппаратшысы Ислам Алахунов ұсынған шешімдердің тиімділігін атап өткім келеді.

 

 

"Үздік жұмыс орны" номинациясы бойынша БМЗ күкірт қышқылы цехының күкірт қышқылы учаскесінің шебері Арман Смаилханов, ЖМЗ жөндеу-құрылыс және арнайы жұмыстар цехының ағаш ұстасы Ахметхан Салқауов, оттегі өндіру кәсіпорнының токарьы Константин Евстратов, Мырыш зауытының аппаратшысы Юлия Оралбекова, мыс және эмальданған сым өндірісі цехының сым эмальдаушысы Асхат Абдрахманов, "Қазкат" зауытының түсті металл құюшысы Ербол Өтегенов жеңімпаз атанды.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау Үздік стендтермен жабдықталған, номинацисы бойынша үздік стенд болып танылған,  Балқаш мыс қорыту зауытының химиялық қорғау жұмыстары және мысты электролиздеу цехының ванналарын жөндеу учаскесінің шебері Гүлмира Айтқұлова), Жезқазған мыс балқыту зауытының балқыту цехының учаскесі (учаске бастығы Марат Жандільдинов), сондай-ақ стендтерді жауапты ресімдеу және дайындау бойынша мырыш зауытының өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау инженері Думан Смағұлов болды, мыс және эмальданған сым өндірісі цехының жоспарлы-алдын ала жөндеу жөніндегі инженері Амангелді Исатаев және "Қазкат" зауыты учаскесінің шебері Рүстем Еділбаевтікі.

"Kazakhmys Smelting (Казахмыс Смэлтинг)" ЖШС ұжымының барлық еңбеккерлерін конкурстарға белсенді қатысқаны үшін, өндірістік жарақаттану көрсеткіштерін төмендетуге ат салысқандары үшін және өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау процесін жетілдіру бойынша өзекті ұсыныстар енгізгені үшін алғыс білдіргім келеді, - деді "Kazakhmys Smelting (Казахмыс Смэлтинг)"ЖШС ЕҚжәнеӨҚ басқармасының бастығы Ерген Сағындықов.

 

Ләззат Смағұлова

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.