Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын
26 Наурыз 2020 «ҚАЗАҚМЫС» ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҮНДЕУІН ҚОЛДАЙДЫ

 

«Қазақмыс» Тобы компанияларының еңбек ұжымдары еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осындай сындарлы кезеңде Қазақстан халқына жолдаған бастамаларына қолдау көрсетеді және ынтымақтастығын білдіреді.  Елбасы өзінің үндеуінде атап айтқандай, қазіргі таңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен еліміздің Үкіметі коронавирустың  салдарынан пайда болған жаһандық пандемиямен күресу үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.  Сонымен қатар Тұңғыш Президент осы індетті «халықаралық экономикалық дағдарыс –  шикізат, валюта және қаржы нарықтарының құлдырауы ушықтыра түсуде» екенін де атап айтты.

Сондықтан «Қазақмыстың» барлық еңбек ұжымдарының атынан біз Елбасының арнайы Республикалық қор құру, сондай-ақ облыс орталықтары мен республикалық маңызды қалаларда ұқсас қорлар құру туралы бастамасын қолдаймыз. Біз осындай ауыр кезеңде   кез келген көмек, сонымен қатар халқымыздың бірлігі мен ынтымақтастығы туған Қазақстанымыз үшін өте маңызды екенін түсінеміз.

«Қазақмыс» пандемияға қарсы іс-қимыл және мемлекеттің экономикасын қолдау қорына  400 миллион теңге аударады.

Қазақстан Республикасының азаматтарын, еліміздің барлық еңбек ұжымдарын  Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан, эпидемиямен күресуге бағытталған шұғыл және төтенше шараларды қолдауға, әлеуметтік жауапкершілік танытып, қоғамымыздың біртұтастығын көрсетуге шақырамыз.

 

«Қазақмыс» Тобы компанияларының

еңбек ұжымы

 

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.