Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын
28 Наурыз 2019 ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ ОҢТҮСТІК КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕТЕКШІ ГОСПИТАЛЬДАРДЫҢ БІРІНІҢ РЕСМИ СЕРІКТЕСІ АТАНДЫ

Ұзақмерзімді ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, оңтүстіккореялық Енсе университетінің  «Северанс» госпиталі және  «Severance-KZ халықаралық медициналық қоры» қоғамдық қорының басшылары қол қойды.  

 

 

«Северанс» госпиталі Корея Республикасындағы маңдайалды медициналық мекемелердің бірі және Азияның денсаулық сақтау жүйесінде көшбасшы деп танылған.  Оның мамандары астаналық Енсе Университетінің академиялық базасында жұмыс істейді. 

 

 

Қол қойылған құжатқа сәйкес, оңтүстіккореялықтар Жезқазған Медициналық орталығының мамандарына ғылыми және өнеркәсіптік медицина саласында тәжірибелік  және консультативтік көмек көрсетеді. Сонымен бірге, келісімде денсаулық сақтау саласына заманауи технологияларды енгізу және Енсе Университеті әзірлеген арнайы бағдарлама негізінде біздің медицина қызметкерлерін оқыту көзделген. 

 

- Мұндай тығыз ынтымақтастық Қазақмыс компаниялар тобының жұмысшылары мен Жезқазған өңірінің тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету ісіндегі  біздің алға қойған мақсаттарымыздың орындалуына оң ықпал етеді деп үміттенеміз,- деді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарушы Кеңесінің Бас директоры Бақтияр Қырықпышев.   

 

 

 Қол қойылған меморандум Қазақстанның Тұңғыш Президенті бастап берген денсаулық сақтау саласындағы  Қазақстан-Корея ынтымақтастығына қосылған өлшеусіз үлес болмақ.  Себебі, Нұрсұлтан Назарбаев Енсе Университетінің құрметті профессоры екені белгілі.  

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сатпаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезказган
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Караганда
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балхаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Усть-Каменогорск
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.