Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын саналатын
26 Желтоқсан 2018 Жезқазған мыс қорыту зауытында екінші кен қыздыру пеші іске қосылды

«Қазақмыс Холдинг» ЖШС  құрамына кіретін «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС  Жезқазған мыс қорыту зауыты, өндірісті жаңғырту аясында екі бірдей кен қыздыру пешінің (РТП-КҚП)  жұмысын  жандандырды. Естеріңізге сала кетейік, ЖМЗ екі бірдей  пешті толық  қуатта қосуға шикізат көлемінің жеткіліксіздігінен, 2009 жылы   бір пешпен жұмыс істеу режиміне көшкен болатын.

 

Бірнеше жылдық үзілістен соң, жаңа пеш толық қуатта  іске қосылды. Оған шикізат қорының ұлғаюы, оның ішінде «Қаз Минералс» ЖШС  жаңа тау-кен-байыту нысандарының  ашылуы себеп болды.

Пешті іске қосуға дайындық  барысында, қол еңбегінің үлесін азайту мақсатында, кен қыздыру пештерінің шпурларын автоматты ашып-жабуға арналған  ТМТ (Германияда жасалған) бұрғылау машиналары орнатылды. 

Өндірісті жаңғырту аясында жұмыс сапасын арттыру үшін жаңа құрылғылар  алынды. Атап айтқанда, темірбетонды электролизді ванналар полимербетонға (ҚХР жасалған) ауыстырылды. Еңбек өнімділігін арттыру және анодты мысты құю жұмысын үздіксіз атқару үшін анодты қайта бөлу салқындатқыш ванналары (Финляндияда жасалған)  және салмақ мөлшерлеу құрылғылары орнатылды. Сондай-ақ, металлургиялық агрегаттарды салқындатуға арналған жаңа градирня салынды. (Ресейде жасалған)

 

Мұнан бөлек, күкірт қышқылы өндірісінде металлургиялық бөлініс кезінде шығатын газдарды тиімді эвакуациялау үшін  жиілік түрлендіргіштері бар арнайы желдеткіш қойылды. (Ресейде жасалған). Екінші кен қыздыру пешін іске қосуға дайындық жұмыстары жыл бойы жүргізілді.

         - ЖМЗ екінші пешінің іске қосылуы 600 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді,-деп атап өтті «Қазақмыс Смэлтинг»  ЖШС  Бас директоры Әділет Барменқұлов. –Екі пеш іске қосылған кезде жұмыс істейтін персоналдың жалпы саны 2 000 адамнан асады. Бүгінде зауыттың жобалық қуаты - жылына 220.000 тонна катодты мыс. Айта  кетейік, ЖМЗ катодты мыс алуда жоғары дәрежеге ие - 98% астам. 

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сатпаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезказган
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Караганда
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балхаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Усть-Каменогорск
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.