Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын саналатын
13 Қыркүйек 2018 Қарсақбайдағы алғашқы мысқа 90 жыл

Қарсақбай  зауыты -Қазақстан металлургиясының  дамубастауында тұрған, көпжылдық  тарихы бар кәсіпорын.   Биыл Қарсақбайда алғашқы  мыстың қорытылғанына  90 жыл толып отыр.

Бұл зауыттың тарихы өткен ғасырдың алғашқы онжылдығында, Сарыарқа жеріне ағылшындар қызығушылық танытқан кезден басталады.  1928 жылы зауыттың ашылуына біздің отандасымыз, белгілі ғалым Қаныш Сәтбаев ерен еңбек сіңірді.   1942 жылы кәсіпорын әскери жұмыс жағдайына көшіп, майдан даласына қажетті техникалар  мен  бөлшектер жасап шығарды.  1973 жылдан кейін Қарсақбай өндірісі металлургияға қайта бағытталып, зауыттың негізгі қызметі «Kazakhmys Holdings» ЖШС кәсіпорындарына шойын өнімдерін құю болды. Зауыт компанияның кеніштерінде, зауыт-фабрикаларында қолданылатын жабдықтарға арналған бөлшектердің  80-ге жуық тауарлы түрін  шығарады.

Бүгінде Қазақмыс -  табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу бойынша халықаралық жетекші компания.  Корпорация мысты ғана емес, басқа да пайдалы қазбаларды іздеу, барлау, өндіру, байыту, қайта өңдеу және экспорттауды жүзеге асырады.  Бұл жұмыстарды осының барлығы бастау алған Қарсақбай зауытынсыз, мыс қорыту ісінің бастауынсыз елестету мүмкін емес.   1928 жылы Қарсақбайда алғашқы мыс балқытылған  күн  Қазақмыс үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін маңызды оқиға болды.  Қазақстанда мыс өндірісі осы күннен басталады.   90 жылдық тарихы бар Қарсақбай мыс қорыту  зауыты  Қазақстандағы түсті металлургияның тұңғышы болып саналады.

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сатпаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезказган
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Караганда
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балхаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Усть-Каменогорск
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.