Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын саналатын
19 Сәуір 2017 Қазақмыста РМР сертификатына үміткерлер анықталды.

Қазақмыста РМР сертификатына үміткерлер анықталды. Рroject Мanagement Рrofessional сертификаты бойынша оқуға барлығы алты кандидатура ғана лайықты деп танылды. Әлемдік деңгейдегі жобалау мекемелерінің директорлары үшін «Жобалауды басқару ісінің үздігі» (Рroject Мanagement Рrofessional, РМР) сертификаты ең маңызды құжат болып саналады. РМР деңгейін алған кандидат, жобалауды басқару саласының сертификатталған мамандарды топтастырған ең ірі әрі маңызды бірлестігінің мүшесі болады және әлемнің кез келген нүктесіндегі жобалаудың барлық саласын басқарып жүргізе алады.

Қазақмыс корпорациясының алты қызметкері жобалау басқармасы ұсынған курста оқуға кандидат болып тағайындалды. Олар 27 ақпан мен 10 наурыз аралығында өткізілген тестілеу нәтижесінде анықталды. 

Олар:

1.«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Жобаларды баскару орталығының жетекші маманы Бейдер Эдуард Викторұлы.

2.«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Сапаны бақылау және технологиялық процестерді инспекциялау департаменті «Таразы жабдығын жаңғырту» жобалау тобының жоба басшысы Ганюшкин Алексей Владимирұлы.

3.«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Қазақмыс – ІТ-Автоматика» ӨК ЖИБ АБжАТДБ жетекші маманы Чапайкин Василий Петрұлы

4.«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Филиалы - «Жезқазғантүстімет» ӨБ Кен-өндірістік кешені «Тотыққан кендерді қайта өңдеу» жоба жетекшісінің міндетін атқарушы Дарбаев Тимур Нұрланұлы.

5.«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Қауіпсіздік департаменті «Қазақмыс тобы Мүлкі мен өнімін қорғау жүйесін жаңарту» жобалау тобының сарапшысы (Жобаны басқару бойынша) Елібаев Эльдар Еркінұлы.

6.«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Техногенді шикізатты кешенді қайта өңдеу басқармасы «Гидрометаллургиялық процестер» жобасының жетекшісі Шахалов Александр Александрұлы.

Оқыту мамыр айының екінші жартысында өткізіледі және оқыту бағдарламасының нәтижесі қайталау тестісінің қорытындысы бойынша аяқталады. Қайталап тестілеу маусым айының бірінші жартысында өткізіледі. Онда корпорацияның білгір мамандар қорын толықтыратын үш жеңімпаз анықталады. Комиссияның төрағасы «Қазақмыс Холдинг» бас операциялық директоры Бақтияр Әбдірахманұлы Қырықпышев. P.S.Жобалауды басқару орталығының директоры Ли Александр Ильичтің таяу арада жарық көретін сұхбатын оқыңыздар.

Вернуться к списку новостей (kaz)
Сатпаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезказган
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Караганда
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балхаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Усть-Каменогорск
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.