Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын саналатын
28 Желтоқсан 2016 2017- 2019 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҰЖЫМДЫҚ ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

 Алдағы үш жыл бойы «Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындарында жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы қарым-қатынастардың ұжымдық шарт бойынша орындалуы қадағаланып отырады. «Қазақмыс» корпорациясы басшылығы мен кәсіподақ ұйымдарының арасында жасалған құжаттың негізгі ерекшелігі әлеуметтік тұрғыдан еңбек адамына барлық жағдай жасау. Келіміс шартта еңбеккерлердің негізгі құқықтары сақталынған - қауіпсіз еңбек құқығы, жұмыс бабымен көтерілу, лайықты еңбек ақы , және ақылы еңбек демалысы.

Сондай-ақ құжатта өндірістегі жазатайым оқиғалар және мүгедектікке әкеліп соққан кәсіптік аурулар нәтижесінде еңбекке жарамсыз болып қалған еңбеккерлерге бір жолғы төлем қарастырылған. Бірінші мүгедектік тобы анықталғанда жеті еселік жылдық орташа табысы мөлшерінде, екінші мүгедектік тобы анықталғанда екі еселік жылдық орташа табысы мөлшерінде есептеледі. Сонымен қатар жаңа келісім шартқа сәйкес дүниеге бала келген уақыттағы төленетін 25 мың теңге көлеміндегі бір жолғы төлем және салалық мемлекеттік марапаттау кезіндегі 50 мың мен 200 мың аралығындағы сыйақы көлемі қайта тағайындалды.

Корпорация еңбек жағдайын жасауға, қауіпсіз техникасын сақтауға, еңбеккерлердің кәсіби білім алуына және жастар саясатына қаржылық көмек көрсетуін одан ары жалғастырады. «Ұжымдық келісім шарт бірнеше республикалық және аймақтық кәсіподақ комитеттерімен бірге жасалған.

Біз жұмыскерлердің құқытарын толық қамтылуына кепіл болатын құжат дайындадық. Қазақмыс өз жұмыскерлерін әлеуметтік тұрғыдан толық қамтыған компания болып қала береді. Еңбек ұжымы біздің қолдауымызға сенімді.» – деп атап өтті «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы – Бақтияр Қырықпышев.

Вернуться к списку новостей (kaz)
Сатпаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезказган
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Караганда
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балхаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Усть-Каменогорск
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.