Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын саналатын
21 Қазан 2016 Қазақмыс компаниясы еңбек өнімділігін есептеп, 2016 жылдың 9 айының қорытындысын шығарды

2016  жылдың  9 айындағы  есеп  бойынша  «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС катодтық  эквивалентті есеппен 163,8 мың  тонна мыс  өндірді. Бұл көрсеткіш  өткен  жылғы осы  уақытпен   салыстырғанда 3,4 мың тоннаға  (+2%). артық. 

  •  Ортақ көрсеткіш бойынша  9 ай бойы алынған кеннің  құрамындағы мыстың  көлемі 0,95% болды, бұл  өткен  жылғы  2015 жылдың  9 ай бойы алынған кендегі мыс көлемінен (0,88%) артық, әрі  жоспарланған көлемнен  де 9 % артық  болды.
  • 2016  жылдың  9 айы бойынша Қазақмыстың  байыту  фабрикалары  22,1 миллион  тонна кен  өңдеді.
  • Биылғы  жылы «Қазақмыс»  корпорациясы ЖШС 224,4 мың  тонна катодтық  эквивалентті  мыс  өндіруді  жоспарлап  отыр.

Біз биылғы жылдың өндірістік бағдарламаларын уақытылы жүзеге асыруды жоспарлаудамыз. Бұл үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Сонымен қатар қазіргі таңда кәсіпорын мамандары 2017 жылдың инвестициялық және өндірістік жоспарларын жасауда. Келесі жылдың негізгі мәселесі болып, еңбек жағдайын жасау, кәсіпорындардағы келеңсіз жағдайлардын алдын алу және геологиялық барлау жұмыстарын енгізу – деп мәлімдеді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Бақтияр Қырықпышев.   

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар бойынша  хабарласыңыздар:

 

Қазақмыс

 

 

Владимир Магай

 Баспасөз қызметі басшысы,

 Қарағанды

 

   Тел.: +77212 95 20 45

 

Алина Жумашева

PR-менеджер,

Қарағанды

 

   Тел:  +77212 95 72 64

 

 

 

РЕДАКТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР

 

Қазақмыс корпорациясы – Қазақстандағы  пайдалы  қазбаларды өндіру және өңдеу  жұмыстарын  жүргізудегі  алдыңғы  қатардағы компания  болып есептеледі, сонымен  бірге еліміздегі мыс  өндіру  алыбы. Компания  құрамында   - он бір  кеніш, төрт  кен  байыту  фабрикасы, екі  мыс  қорыту  зауыты және  екі көмір кеніші  бар алып кәсіпорын. Қазақмыс корпорациясы  кен  өндіру орындары  мен  оны  сату  деңгейіне  дейін  жеткізетін өндіріс  орындарын  басқарады. Өткен  жылы катодтық  эквивалентте 223,0  мың  тонна мыс және 3040 кг  сом  алтын  өндірілді. Қазақмыс дүние  жүзінде  күміс өндіруден алдыңғы  қатардағы өндіріс ошағы. Өткен  жылы 274 тонна аффинирленген  таза  күміс өндірілді.

Корпорация  өндіріс  ошақтарына  және  сол өндіріс  ошақтары  орналастырылған  аймақтарға  қажетті  электроэнергия қуатын  да  қамтамасыз етеді. Корпорация  құрамында 36.500-дай  адам  еңбек  етеді. 

Вернуться к списку новостей (kaz)
Сатпаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезказган
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Караганда
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балхаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Усть-Каменогорск
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.