Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын саналатын

«Қазақмыс корпорациясы»  үшін   компаниямен  ынтымақтастықта  жұмыс атқаратын  мекемелер  алдындағы беделінің  компанияның ілгерілеуіне  тигізер  ықпалы  мол екені  анық. Компанияның  өзгенлер  алдындағы  беделі  заңды  талаптарын  бұзбай, нақты  орындау, жоғары  этикалық стандарттар  мен  өзін-өзі  дұрыс  ұстауды  енгізу  мен  талап  ету   арқылы  қалыптасты.

 Осыған  байланысты  «Қазақмыс» компаниясының  топ-менеджменттері 2012 жылдан  бергі  жиналған  іс-тәжірибесі  мен  қолданыстағы  заң  талаптарын есепке ала  отырып, корпоративтік  антикоррупциялық  саясатты  қайта  қарап, бекітті.Онда ,  «Kazakhmys Holding  (Казахмыс Холдинг)» ЖШС-нің Кодексіндегідей  сыбайлас  жемқорлықпен  күрес  жолдары  айқындалған. Аталған  құжат,  әрбір  жұмыскерге  тән   этикалық  нормаларды ,әр салалы  қызмет аясындағы  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  жолдарын  айқындаған негізгі  құжат  болып  саналады.

 

 Корпоративтік  саясаткерлер

 

Барлық кездесетін   парақорлық пен  сыбайластыққа жол  бермеу  шараларын  тағайындап, «шаруаны  тездет жолы» -деп  түсініп сый-сияпат  беру, немесе мерекелік  көрнекті  шаралар  ұйымдастыру, екі  жақты  кикілжіңді  шешу, саяси қызметке  қатысу сияқты  алғыс  білдіру жағдаяттарын  да  бақылауда  ұстауда,.

 

  Контрагенттермен  байланысқа  да «Қазақмыс» корпорациясы  ықыласпен  зер  салуда.Жұмыс атқарушы  контрагенттермен  қоса, келешекте  жұмыс  атқаратындарын да сыбайлас  жемқорлық  пен  парақорлыққа  қарсы күрес аясында  контрагенттердің заң  бұзушылыққа  жол  бермеуін алдын-ала  тексеру бағдарламасы бойынша  жұмыс  жүргізілуде.

 

 Корпоративтік  жоспарды  жетілдіру  бағытында  «Қазақмыс»  компаниясы  жұмыскерлермен  кейінді  байланыс  жүйесін  енгізуде, сонымен  қажеттілік  туындаған кезде тәулігіне  24  сағат, аптаның  7 күнінде  де  жұмыс  жасайтын  «SpeakUp»  қызметін  пайдалануды  ұсынады. Бұл  қызметті speakup@kazakhmys.kz электронды  поштасы арқылы, немесе  (Қазақстан  бойынша  қоңырау  шалу  тегін) 8-800-080-8089  байланыс  телефонына  хабарласу  арқылы пайдалана аласыздар.

 

«SpeakUp» -ке  түскен  барлық хабарларды, анонимдік  болса  да   «Қазақмыс» корпорациясының  тәуелсіздік  пен жан-жақтылықты  қадағалау деңгейіндегі  құқықтық  бақылау  Департаменті тексереді.

«SpeakUp»   қызметі  басталғаннан  бері (05.2015г. – 10.2015г да   «Қазақмыс» корпорациясының   құқықтық  бақылау  Департаменті , тиісті  салалық  қызмет  өкілдерімен  біріге  отырып 12 қарарды  тексерді, оның  6-ы толығымен, немесе  ішінара  анықталды, ал 3-і нақтыланған  жоқ, қалған  3-і «Қазақмыс»  тобына  жатпайтын  мекемелерге  қатысты  болғандықтан  қараусыз  қалдырылды..

 

 Негізгі  хабарлар  «Қазақмыс корпорациясы( ЖШС және  оның  филиалдарының  қызметіне  байланысты  болса,  «KazakhmysSmelting (КазахмысСмэлтинг)»  ЖШС мен  «KazakhmysEnergy (КазахмысЭнерджи)» ЖШС-не  бір-бір  сұрақтан келді,  ал 2-і «Қазақмыс»  тобына  жатпайтын   заңды  тұлғалар  атына  жазылған.

 
 
UU
ooo
ZZZ
 

 

Тәуелсіз  аудиттер сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  корпоративтік саясат  негізінде  тұрақты  жұмыс  жүргізеді,  «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-і жанындағы  құқықтық  бақылау  Департаменті аудиттер  жұмысын бизнестің  дамуына  көлеңке  түсірмеуі үшін заң  талаптарының  жоғары  деңгейде  сәйкес  келуі  үшін  қайта  қарап, жетілдіріп  отырады.«Қазақмыс»  корпорациясына  қатысты сыбайлас  жемқорлыққа  қатысты  заңды  жүзеге  асыру мақсатында     туындаған  сұрақтар бойынша  «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС  жанындағы  құқықтық  бақылау  

Департаментіне  мына  байланыс телефондары арқылы  хабарласыңыздар: +7-708-436-20-57, +7-708-436-20-58. 

 

Сатпаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезказган
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Караганда
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балхаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Усть-Каменогорск
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.