Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын саналатын

Владимир Сергеевич Ким
Президент Казахмыс

 

«KazakhmysHolding  (Казахмыс Холдинг)» ЖШС  Президенті

Владимир  Сергеевич Ким 1960  жылы дүниеге  келген. 1982  жылы  Алматы архитектура-құрылыс  институтынның  инженер-құрылысшы  мамандығын тамамдаған. Америка  Құрама  Штаттарындағы  Кеннеди  атындағы Батыс университетінде  дәріс алып, ал  экономика, қаржы және  маркетинг  саласынан машықтануды ( сынақ  мерзімін) Корея, ФРГ, Швейцария  елдерінде   өтті. Бизнес саласы  мен  әкімшілік  басқару  докторы, техникалық  ғылымдар  кандидаты.

Компаниядағы  жұмысын  1995  жылы  «Жезқазғанцветмет» АҚ Басқарушы директоры және Бас атқарушы директоры болып бастаған. Ал, 2000 жылдың желтоқсанында аталған компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

2005 жылы Владимир Сергеевич Лондон биржасындағы өз акцияларын тіркеген алғашқы компания – Қазақмыс тобы Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

2005 жылдан 2013 жылдың мамыр айына дейін ол Қазақмыс компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымында жұмыс істеді. Қазіргі уақытта «KazakhmysHolding  (Казахмыс Холдинг! ЖШС –нің Президенті.

 



Эдуард Викторович Огай

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС  директорлар Кеңесінің  Төрағасы

 

 

 Эдуард  Викторович  1969  жылы  дүниеге  келген. 1998  жылы  Қазақ мемлекеттік  аграрлық  университетін,  экономист – менеджер  мамандығы   бойынша  тамамдаған. Мәскеу мемлекеттік  тау-кен  институтында  (МГГУ)  «Ашық тау-кен  жұмыстары»   (2003-2004), ал Ресей  Федерациясы Үкіметі  жанындағы  халық  шаруашылығы Академиясында   « Қаржы  және  экономика  директоры»  (2003-2004),  және «Тау-кен,  минералды-шикізат халықтық  университетінде ( Санкт-Петербург) «Кенді  даярлаудың, байытудың және  шикізатты  гидрометаллургиямен  өңдеудің  заманауи  технологиялары»  (2015) бағдарламалары  бойынша кәсіби  шеберлігін  шыңдаған.

Эдуард Викторович еңбек  жолын  2001 жылы Қазақмыс  тобында халықаралық  қатынастар және  маркетинг салаларының директоры  қызметінен бастады, ал  2005  жылдан  бастап корпоративтік  дамыту  директоры.

 2006  жылы Эдуард  Викторович  Қазақмыс  тобының салалы  компаниясы «Қазақмыс  корпорациясы» ЖШС-нің  басқарма  төрағасы  болып  тағайындалды.

  Қазіргі  кезде  «КazakhmysHolding (Казахмыс Холдинг)»  директорлар  Кеңесінің  Төрағасы  және   «Казахмыс корпорациясы» ЖШС-нің  директорлар Кеңесінің  Төрағасы  қызметтерін  атқарып  жүр.



Бақтияр Әбдірахманұлы Қрықпышев
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқармасының  төрағасы

  Бақтияр  Әбдірахманұлы  1973  жылы  дүниеге  келген, 1995  жылы Ө. А. Байқоңыров  атындағы  Жезқазған тау-кен  технологиялық институтын, «Автомобиль  және  автомобиль  шаруашылығы  бойынша»  бітіріп, инженер-механик  мамандығын  алған. 2012  жылы  Қарағанды  мемлекеттік  техникалық университетінің «Экономика» саласы  бойынша  аяқтаған. Экономика  бакалавры.

   Федералдық мемлекеттік   автономдық білім  беру  мекемесінің  жоғары  кәсіби  мамандық  беретін « Халықтық зерттеу  технологиялық  университеті «МИСиС» -інде , «Түсті  металлургия, Тау-кен  компаниясын басқару» (2013-2014) арнайы  дайындықтан  өткен.

 Қазақмыстағы  еңбек  жолын   1996 жылы  «Жезқазғантүстіметалл»  кәсіпорынындағы Шығыс-Жезқазған кенішінде, жұмысшы  мамандығынан  бастап, тау-кен  шебері, участок басшысының  орынбасары, басшысы, кейін  шахтаның  бас  инженеріне  дейінгі  баспалдақтың  бәрін  басып  өткен. Шахтаның  басшысы, комбинаттың  бас  инженері, ЖТКМК-ның бас  инженері, кейін техникалық  директоры, «Жомарт» кенішінің  директоры  қызметтерін  атқарған.

 2008  жылы «Жезқазғантүстіметал» ӨБ-тің бас  директоры  болды. 2010  жылы «Бозшакөл» кен  орнында  бас  директор  болып  тағайындалды. 2011 жылы «Қарағандытүстіметалл» және «Балқаштүстіметалл» ӨБ-ін  басқарды. 2012  жылы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің  өндіріс  директоры, ал  сол  жылдың  желтоқсан  айында  компанияның тау-кен  өңдеу  кешенінің  бас  директоры  қызметтерін  атқарды. 2013  жылдың  желтоқсан  айында «Қазақмыс  корпорациясы» ЖШС-нің  бас  директорлығы  қызметіне  тағайындалды. Қазіргі таңда «Қазақмыс  корпорациясы» ЖШС Басқармасының  төрағасы  лауазымын атқаруда.


 

 

Саят    Шарафединұлы  Бакиров                         

«Қазақмыс корпорациясы»  ЖШС  Филиалы тау-кен өндірістік  кешенінің бас  директоры.

 

2000 жылы А.Ө.Байқоңыров  атындағы Жезқазған  университетін  тамамдап, сол  жылы  Шығыс – Жезқазған кенішіне  жұмысқа  тұрып, қарапайым  бұрғылаушыдан   кеніштің  бас  инженерлігіне  дейін   көтерілген.

2011 жыл мен  2014 жылдар аралығында Оңтүстік  Жезқазған кенішінің  директоры  қызметін атқарды.

2014 – 2015 жылдары «Қазақмыс  корпорациясы» ЖШС-нің  департамент  директоры  болып қызмет атқарды.

02.12.2015 жылы  «Қазақмыс  корпорациясы» ЖШС-нің  тау-кен өндірістік  кешенінің  бас  директоры  болып  тағайындалды.

 

 

Ардагер    Қуандықұлы   Аринов

«Қазақмыс  корпорациясы» ЖШС-нің өндірістік байыту  кешенінің  бас  директоры.

 

1992  жылы  В.И.Ленин  атындағы  политехникалық  институтын  «Пайдалы  қазбаларды  байыту»  мамандығы  бойынша  тамамдаған.

Институттан кейін  6 жыл  бойы  «Балқашмыс» АҚ –ында мыс кенін  байытатын  цехтың  ауысым  басшысы болып жұмыс  атқарған. Байыту  цехының  бас  инженерінен  «Балқаштүстіметалл» ӨБ  байыту  фабрикасының  директорлығына дейін  көтерілген.

2011 жылы «Қарағандытүстіметалл» ӨБ  бас  байытушысы  болды.

2012 жылы  Сәтбаев  байыту  фабрикасын  басқарса, 2013  жылы №1,2  Жезқазған  байыту  фабрикасының  директоры  болып  тағайындалды.

2015 жылы  «Қазақмыс  корпорациясы» ЖШС-нің   өндірістік байыту  кешенінің  бас  директоры қызметін атқаруда.

 

 

 

 

Әділет Назарбайұлы Барменкулов

«Kazakhmys Smelting» ЖШС директоры
 
1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша тамамдап, өзінің еңбек жолын бастады. 1995 жылы «Tamos-Education» ЖАҚ физика-математика мектебінің директоры қызметін атқарды. 2000 жылы «Мұнай және мұнай өнімін сертификаттау және сараптау орталығы» ЖШС қаржы директоры. 2003 жылы «Таймас» Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігін басқарды. 
 
Ал 2007 жылы Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар Министірлігінің көліктік бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 
 
Қазақмыс корпорациясындағы еңбек жолын 2013 жылы Сауда үйі материальдық-техникалық жабдықтау басқармасының бастығы қызметінен бастады. 2014 жылдың қазан айында «Kazakhmys Holding» және «Казахмыс Корпорациясы» ЖШС коммерциялық директоры қызметіне тағайындалды. Қазіргі таңда «Kazakhmys Smelting» ЖШС директоры лауазымын атқарады. 

 

 
Сатпаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезказган
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Караганда
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балхаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Усть-Каменогорск
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.