Басшылық
Владимир Сергеевич Ким
Президент Казахмыс
«KazakhmysHolding (Казахмыс Холдинг)» ЖШС Президенті
Владимир Сергеевич Ким 1960 жылы дүниеге келген. 1982 жылы Алматы архитектура-құрылыс институтынның инженер-құрылысшы мамандығын тамамдаған. Америка Құрама Штаттарындағы Кеннеди атындағы Батыс университетінде дәріс алып, ал экономика, қаржы және маркетинг саласынан машықтануды ( сынақ мерзімін) Корея, ФРГ, Швейцария елдерінде өтті. Бизнес саласы мен әкімшілік басқару докторы, техникалық ғылымдар кандидаты.
Компаниядағы жұмысын 1995 жылы «Жезқазғанцветмет» АҚ Басқарушы директоры және Бас атқарушы директоры болып бастаған. Ал, 2000 жылдың желтоқсанында аталған компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
2005 жылы Владимир Сергеевич Лондон биржасындағы өз акцияларын тіркеген алғашқы компания – Қазақмыс тобы Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
2005 жылдан 2013 жылдың мамыр айына дейін ол Қазақмыс компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымында жұмыс істеді. Қазіргі уақытта «KazakhmysHolding (Казахмыс Холдинг! ЖШС –нің Президенті.
Эдуард Викторович Огай
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС директорлар Кеңесінің Төрағасы
Эдуард Викторович 1969 жылы дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, экономист – менеджер мамандығы бойынша тамамдаған. Мәскеу мемлекеттік тау-кен институтында (МГГУ) «Ашық тау-кен жұмыстары» (2003-2004), ал Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы халық шаруашылығы Академиясында « Қаржы және экономика директоры» (2003-2004), және «Тау-кен, минералды-шикізат халықтық университетінде ( Санкт-Петербург) «Кенді даярлаудың, байытудың және шикізатты гидрометаллургиямен өңдеудің заманауи технологиялары» (2015) бағдарламалары бойынша кәсіби шеберлігін шыңдаған.
Эдуард Викторович еңбек жолын 2001 жылы Қазақмыс тобында халықаралық қатынастар және маркетинг салаларының директоры қызметінен бастады, ал 2005 жылдан бастап корпоративтік дамыту директоры.
2006 жылы Эдуард Викторович Қазақмыс тобының салалы компаниясы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Қазіргі кезде «КazakhmysHolding (Казахмыс Холдинг)» директорлар Кеңесінің Төрағасы және «Казахмыс корпорациясы» ЖШС-нің директорлар Кеңесінің Төрағасы қызметтерін атқарып жүр.
Бақтияр Әбдірахманұлы Қрықпышев
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқармасының төрағасы
Бақтияр Әбдірахманұлы 1973 жылы дүниеге келген, 1995 жылы Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған тау-кен технологиялық институтын, «Автомобиль және автомобиль шаруашылығы бойынша» бітіріп, инженер-механик мамандығын алған. 2012 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Экономика» саласы бойынша аяқтаған. Экономика бакалавры.
Федералдық мемлекеттік автономдық білім беру мекемесінің жоғары кәсіби мамандық беретін « Халықтық зерттеу технологиялық университеті «МИСиС» -інде , «Түсті металлургия, Тау-кен компаниясын басқару» (2013-2014) арнайы дайындықтан өткен.
Қазақмыстағы еңбек жолын 1996 жылы «Жезқазғантүстіметалл» кәсіпорынындағы Шығыс-Жезқазған кенішінде, жұмысшы мамандығынан бастап, тау-кен шебері, участок басшысының орынбасары, басшысы, кейін шахтаның бас инженеріне дейінгі баспалдақтың бәрін басып өткен. Шахтаның басшысы, комбинаттың бас инженері, ЖТКМК-ның бас инженері, кейін техникалық директоры, «Жомарт» кенішінің директоры қызметтерін атқарған.
2008 жылы «Жезқазғантүстіметал» ӨБ-тің бас директоры болды. 2010 жылы «Бозшакөл» кен орнында бас директор болып тағайындалды. 2011 жылы «Қарағандытүстіметалл» және «Балқаштүстіметалл» ӨБ-ін басқарды. 2012 жылы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің өндіріс директоры, ал сол жылдың желтоқсан айында компанияның тау-кен өңдеу кешенінің бас директоры қызметтерін атқарды. 2013 жылдың желтоқсан айында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің бас директорлығы қызметіне тағайындалды. Қазіргі таңда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқармасының төрағасы лауазымын атқаруда.

Марғұлан Қалиұлы Сәдуақасов
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС байыту-өндірістік кешенінің бас директоры.
2002 жылы Ө.А Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша бітірді. 1992 жылы № 3 байыту фабрикасына жұмысқа қабылданды.
Бас корпустың ұсақтағыш машинисінен техникалық бақылау бірлескен бөлімінің бастығына дейінгі еңбек жолын жүріп өтті. 2003 жылы Белоусов байыту фабрикасының бас инженері болып тағайындалды.
2004 жылдан 2015 жылға дейін Николаев, Нұрқазған, Қарағайлы, Балқаш байыту фабрикаларын басқарды.
2016 жылы байыту-өндірістік кешенінің өндіріс жөніндегі директоры болды. 01.02.2018 жылдан бастап – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС байыту-өндірістік кешенінің бас директоры.
Kazakhmys Smelting» ЖШС бас директоры